Павлодар ауылында жарық жиі өшпейтін болды

Павлодар ауылында жарық жиі өшпейтін болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жиын барысында қала әкімі Хасар Хабылбеков ауылдағы тұрғын үй құрылысына арналған шағын ауданда жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын екенін мәлім етті.

–      Бұл электр энергиясының ауа райына байланысты жиі өшіп қалу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы қосалқы станциясы 1956 жылы салынған. Яғни, әбден ескірді. Бүгінгі таңда бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс толығымен аяқталады. Жоба ауыл үшін өте маңызды және облыс орталығы басшысының жеке бақылауында тұр, – Хасар Хабылбеков.

Сонымен қоса, ауылда тартан жабыны бар екі балалар ойын алаңы орнатылды. Тұрғындардың өтініші бойынша келесі жылы 1-ші кіреберіс, Абай көшесі және 2-ші кіреберіс жолдың бойында тағы екі алаң орнатылады.

Кездесу барысында тұрғындар сумен жабдықтау мәселесін де көтерді. Қазіргі уақытта жаңа тұрғын үй құрылысы шағын ауданында орталық су құбырын салу жобасы әзірленуде. Бұл жоба қалған 47 үйді орталық су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Хасар Хабылбеков ауыл әкіміне барлық мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.