Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды

Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды
Фото:pixabay.com

Бұл жағдайға қатысты ата-ана шағым жазудан бас тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралиннің айтуынша, М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің директорына сөгіс алды. 

– Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады, – деді Қуаныш Қыдралин.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Департаментке мектеп директорының атынан жеке кәсіпкерге өтініш келіп түсті. Ары қарай бұл өтініш облыстық ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК органдарында тіркелгеннен кейін, тексеріс жүргізілетін болады.  

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттың ішінде құрты бар фото таралып кетті. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды растады, бірақ-та пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағанын атап өтті.