Павлодардағы білім ошақтары ағаш көшеттерін отырғызу челленджін қолдады
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы ЖОББМ және Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия түлектері өз мектептерінің аумағына қайың, қарағай, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.
- Акцияға білім беру ұйымдарының педагогтері, оқушылар және ата-аналары арнайы қатысты. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» республикалық челленджі аясында іске асты, - делінген хабарламада.
Мұғалімдердің айтуынша, мұндай іс-шаралар оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортағы ұқыпты қарауға үйретіп, оларға экологиялық сананы сіңіруге көмектеседі.
Көшеттерді отырғызу өңіріміздің барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.