Павлодар ауданындағы «Балдәурен» лагерінде 500-ден астам оқушы демалды

Павлодар ауданындағы «Балдәурен» лагерінде 500-ден астам оқушы демалды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Жазғы науқанды өткізуге мектептерден тыс ұйымдар, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы атсалысты, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жазғы демалыс кезінде Мичурино ауылындағы 150 орындық «Балдәурен» лагерінде 500-ден астам оқушы демалды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің білім беру ұйымдарында жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған 6 жастан 16 жасқа дейін мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылады. «Жаз-2023» бағдарламасы аясында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің  1-10-сыныптардың оқушыларының жалпы санынан 41442 оқушы жазғы демалыспен және жұмыспен қамтылды.

Жазғы науқан барысында 40 мектепте ұзақтығы 15 күн болатын екі маусымда күндізгі лагерьлер ашылды. Мектеп жанындағы лагерьлер жалпы саны 21 мыңнан астам оқушыны қамтитын 1-4-сынып оқушылары үшін жұмыс істеді, бұл 94% құрады. Мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші маусымы 5-23 маусым аралығында, екінші маусымы – 26 маусым-18 шілде аралығында өткізілді. 

– Мектеп жанындағы лагерьлердегі оқушылар үш реттік тамақпен қамтамасыз етілді, белсенді демалыспен қамтылды, өздерінің дене белсенділігі мен қабілеттерін дамытты. Әр мектеп жанындағы лагерьде балалардың белсенді демалысы мен жұмыспен қамтылуына бағытталған әртүрлі қызмет түрлері бойынша өз жобалары мен іс-шаралары әзірленді, – дейді білім беру бөлімінде.

5-10-сынып оқушыларын қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында жалпы саны 19712 оқушыны қамтитын бейіндік лагерьлер жұмысы ұйымдастырылды. Бейіндік лагерьлер ғылыми, зерттеу, шығармашылық, спорттық, тілдік, экологиялық бағыттар бойынша жұмыс істеді.

Жалпы, «Жаз-2023» жобасы шеңберінде демалыстың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық формаларымен қамту 41442 мың оқушыны немесе оқушылардың жалпы контингентінің 94% құрады.