Павлодарда Шәкәрім оқуларының үздіктері анықталды

Павлодарда Шәкәрім оқуларының үздіктері анықталды

Колледж студенттері ұлы ақынның бес өлеңін жатқа оқып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар техникалық сервис колледжінде Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Бостандық таңы атты» облыстық Шәкәрім оқулары өтті. Өңірдің мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждерінің 48 студенті «Өлеңнің сыры» – ақынның бес өлеңін жатқа оқу, «Ш. Құдайбердіұлы және философия», «Викторина сұрақтарына жауап беру» сияқты бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Қатысушылардың өнеріне филология ғылымдарының кандидаты, Шәкәрімтанушы Салтанат Ізтілеуова,  Торайғыров университетінің профессоры Серік Төлеубаев,  филология ғылымдарының докторы Айтмұхамбет Тұрышев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Мейрам Нұғыман төрелік етті.

Шараның қорытындысы бойынша ІІІ орынды Әсем Шәкенова, Ерназар Мәжит, Нұрданат Темірболат иеленді. Ал ІІ орын Ерқанат Әлжан, Ғазиз Хавалхаг бұйырды. Бірінші орынды Жалғасали Бапишев алса, бас жүлде иегері Аймарал Махамбет атанды. 

«Жас ғұлама» номинациясына Нұрайым Рымбекова және «Жас қыран» номинациясына Нарсұлтан Есет ие болды.