«ЕЭК» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есепті жариялады
Кәсіпорын 2024 жылғы 26 шілдеде тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында есеп өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және «жылу энергиясын өндіру» реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп беріледі.
Сондай-ақ, есеп «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн-трансляция ұйымдастырылады.
Тыңдауды өткізу туралы ақпарат 2024 жылғы 4 шілдеде «Звезда Прииртышья», «SARYARQA SAMALY» газеттерінде жарияланды, erg.kz интернет-ресурсында орналастырылды, сондай-ақ тұтынушыларға алдағы есеп тыңдаулары туралы хабарлама жіберілді.