Басынан ұрған: Шарбақты ауданында зейнеткерді тонап кетті

Басынан ұрған: Шарбақты ауданында зейнеткерді тонап кетті

Қария көршілері арқылы полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауылында екі ауыл тұрғыны 20 сәуірде сағат 10.30-да есіктердің ашық жатқанын  пайдаланып, Жеңіс көшесіндегі 63 жастағы зейнеткердің пәтеріне кірген. 

– Олар үй қожайынының басынан ұрып, 22 мың теңге сомасында ақша қаражатын, ұялы телефонын ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы – «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаментте. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. 51 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, 28 жастағы ауыл тұрғынына қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы -  «келу туралы міндеттеме» таңдалды.

Заттай дәлел  –  ұялы телефон тәркіленді. Тергеу жалғасуда.