Павлодар ауданының оқушылары сараптау жасап үйренді
Қалада ауыл шаруашылығы саласындағы бейіндік лагерь ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кемеңгер ауылының жетінші-сегізінші сыныптарының 30 оқушысы «Ertis» жоғары инновациялық-аграрлық колледжінің базасында демалыс уақытын өткізді.
– Лагерь бағдарламасы жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына негізделген. Колледж базасында балаларға арналған жануарларды клиникалық диагностикалау, жұмыртқаны, ет пен сүтті ветеринариялық-санитариялық сараптау, бактериологиялық зерттеулер сияқты іс-шаралар ұйымдастырылған, – деді облыстық білім беру басқармасында.
Сондай-ақ, ветеринарлық техникамен жұмыс, ауыл шаруашылығы техникасымен танысу – lavol, John Deere, КамАЗ тракторлары, виртуалды шындық тренажерларымен және көзілдіріктерімен тәжірибе, ағаштар мен гүлдерге күтім жасау және «Alaman» оқу-практикалық орталығының базасында тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Маусым соңында, оқу-өндірістік орталық базасында салтанатты іс-шара өтті. Онда лагерь тәрбиеленушілері үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламасы, ұлттық және ауыл шаруашылығы көрмелері ұйымдастырылды.
Маусым қорытындысы бойынша балаларға ветеринария, агрономия және ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша сабақтардан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.