Баянауылда Құндыкөл ауылында жаңа футбол алаңы салынып жатыр

Баянауылда Құндыкөл ауылында жаңа футбол алаңы салынып жатыр
Константин Шелковтың фотосы

Шағын футбол алаңының құрылысы – ауылдағы спорт инфрақұрылымын дамытудың бір қадамы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоба ауыл тұрғындарының ұсыныстары негізінде қолға алынып, аудан әкімінің қолдауымен жүзеге асуда. Бұл бастама арқылы ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, ауылдық жерде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға жол ашылады.

Футбол алаңының құрылысы 15 сәуірде басталды. Жоспар бойынша жұмыстар 31 мамырға дейін аяқталуы тиіс болатын. Қазіргі таңда балаларға арналған ойын алаңы толықтай пайдалануға берілмеді. 

Жобаның жалпы құны 35 миллион теңгені құрайды. Қаржыландыру Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі арқылы жергілікті бюджеттен бөлінген.

– Жобаны жүзеге асыру барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуда. Футбол алаңы тегіс жерге салынып, барлық жабдықтардың тұрақтылығы тексеріледі. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес балалардың денсаулығына зиян келтірмейтіндей жағдай жасалады, – деді Құндыкөл ауылының әкімі Қуандық Ивашев. 

Жаңа алаң ауыл жастарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына жағдай туғызады. Алаң тек мектеп оқушыларына ғана емес, барша ауыл тұрғындарына қолжетімді болмақ.

– Футбол алаңы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді. Бұл ауыл өміріне серпін беретін игілікті жоба болады деп сенеміз, – дейді ауыл әкімі.

Футбол алаңы толық пайдалануға берілгеннен кейін мұнда ауылішілік турнирлер ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Сонымен бірге, ауылда спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында басқа да жобалар қарастырылған. Атап айтқанда, спорттық жабдықтарды жаңарту және түрлі деңгейдегі жарыстар өткізу жоспарлануда. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қолдауға бағытталад