Шарбақтының 71 жастағы тұрғыны құжаттарсыз өмір сүрген

Шарбақтының 71 жастағы тұрғыны құжаттарсыз өмір сүрген
Фото: облыстық ПД ұсынды

Зейнеткер ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналасу мен медициналық көмек алудан қиындық көрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақтыда рейд жүргізу кезінде құжаттарсыз тұратын 71 жастағы әйел анықталды. Әңгіме барысында ол Николаевка ауылында туып-өскенін айтты. Отбасын құрып, Алматы облысына көшіп кеткен. Ол жерде шамамен 20 жыл тұрған, кейінірек көшу кезінде, 1974 жылғы үлгідегі «Қызыл төлқұжатын» жоғалтқан.  Әйел құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша ешқайда бармаған және осы уақыт ішінде ол құжаттарсыз өмір сүрген.

– Заңнаманы білмеу және өмірлік жағдайлар құжаттардың уақтылы дайындалмауына себеп болды. Әйелдің ресми жұмысқа орналасу және медициналық мекемелерге жүгіну мүмкіндігі болмады, – деді полиция бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторы Мәди Саримов.

Көші-қон қызметі инспекторларының жауаптылығы мен кәсібилігінің арқасында әйелге Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетілді.

– Мен көші-қон қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындағаны үшін өте ризамын, – дейді Галина Храповицкая.  

Ол Шарбақты ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі инспекторларына алғысын білдіруде.