Екібастұзда пеш үстінде тамақты ұмытқан тұрғын төтеншеліктерді аяққа тік тұрғызды
Пәтер иесі ұйықтап қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтерлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу 6-ӨСБ, 2-МӨСБ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы үш техника мен алты қызметкер, 102,103 қызметтері жұмыс істеді.
– Ер адамға қатысты өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау адамдардың өміріне, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді департаментте.
Ағымдағы жылы ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша 1140 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1105 адамға ескерту жасалды, жалпы сомасы 1 млн 172 мың теңгеге 36 адамға айыппұл салынды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1140 адам жауапқа тартылды.