Павлодарда құтқарушылар өртенген гараждан адамды құтқарды

Павлодарда құтқарушылар өртенген гараждан адамды құтқарды
Фотосуретті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

Резеңке бұйымдары мен үй заттары жанып жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 наурыз күні Омская көшесінде орналасқан гараждардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

– Өрт орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Резеңке бұйымдары мен үй заттарының жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер 1973 жылы туған ер адамды құтқарып, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сөндіру жұмыстарын қалың түтін қиындатты. Өрт 10 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді, – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ведомство тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді.