Екібастұзда өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 8 адам эвакуацияланды

Екібастұзда өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 8 адам эвакуацияланды

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 наурыз күні "101" пультіне  Абай көшесі 39/44 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

- 5 қабатты үйдің 4-кіреберісінде түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына келген қызметкерлер 3-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің залында жалпы ауданы 6 шаршы метр жанғанын анықтады.  Өрттен үй жиһаздары мен заттары жанған, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай,  өрт шыққан үйдің иелері болмаған. Баспалдақ маршы арқылы өрт сөндірушілер 8 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 2 бала бар.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің зардабы мен себебі  анықталуда.