Павлодарлық құтқарушылар батып кеткен ер адамды іздестіруде

Павлодарлық құтқарушылар батып кеткен ер адамды іздестіруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол мас күйінде сүңгіп, судың бетіне шықпаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20 шілдеде күндізгі уақытта орталық жағажайдан 500 метр қашықтықта, жабдықталмаған су айдынында 51 жастағы ер адам суға батып кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай мәлім етті. 

– Ол досымен бірге ішімдік ішіп, шомылуға барған. Құтқарушылар төртінші күн бойы суға сүңгіп кеткен тұрғынды іздестіруде. Әзірге ешқандай хабар жоқ,– деді Темірлан Жапалбай.

Айта кетейік, биыл тоғыз адам суға батып кетті. Олардың ішінде сегіз тұрғын шомылуға рұқсат етілмеген жерде қайтыс болды. Ал былтыр алты ересек және бір бала суға кетті.