Екпеден кейін қайтыс болған: Екібастұзда медициналық ұйымдар тексеріске ұшырайды

Екпеден кейін қайтыс болған: Екібастұзда медициналық ұйымдар тексеріске ұшырайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаны полиция да тергеп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Осыған дейін әлеуметтік желіде марқұмның туыстары істің жария етуіне және әділетті түрде шешілуі бойынша дабыл қаққан болатын. 

Оқиғаның мән-жайына сәйкес, 8 қыркүйекте 40 жастағы ер адам жекеменшік емханаға тізе буынындағы ауырсынумен жүгінді. УДЗ-дан кейін оға оң тізесінің остеоартрит диагнозы қойылып, 10 қыркүйекте буынға инъекция жасалды. Дәрігерлердің бұл әрекетінен кейін ер адамның қатты аурсынуы, аяғының ісінуі пайда болды. 12 қыркүйекте оның жағдайы күрт нашарлай бастады: дене қызуы көтеріліп, есінен танып, қысымы төмендеді.

Туыстары оны Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізіп, шұғыл түрде ота жасалды. Алайда 14 қыркүйекте қиналып жатқан тұрғын жан тапсырды.

Облыстық полиция департаменті медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті 40 жастағы азаматтың өліміне қатысты тәуелсіз сарапшыларды (терапевт дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, травматолог) тарта отырып, Екібастұз қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі қаулысының негізінде пациенттің маршруты бойынша медициналық ұйымдарда тексерулер жүргізуде.

Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқықтық баға беру және процестік шешім қабылдау үшін Екібастұз қаласы полиция басқармасының тергеу бөліміне жолданатын болады.