Екібастұзда балықшы жоғалып кетті
Іздеу шараларына бес адам мен бір техника жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 наурызда сағат 17.55-те Шідерті кентінде орналасқан жетінші-сегізінші сорғы ауданында 1951 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол таңғы жетіде автокөлігімен балық аулауға шыққан.
– Балықшы байланысқа шықпағаннан кейін немересі іздеуге кірісіп, сағат 17.20-да көлігін тапты. Іздеуге полиция мен еріктілер қосылды, – дейді департаментте.
29 наурызда құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.
Еске сала кетейік, 8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылының маңында Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті.