Павлодарлық бүлдіршіндер әшекей жасаудан сынға түсті
Облыстық байқауда алты бала бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қызмет көрсету салалық колледжінде аймақтық «BabySkills Pavlodar» байқауы өтті. Чемпионатқа бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Чемпионаттың мақсаты – кіші сынып оқушыларының әртүрлі мамандықтармен танысып, өздерін сол салада сынап көруіне, кәсіби дағдыларды меңгеруде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. Байқау барысында бүлдіршіндер «Шаш қыстырғыш» жасады.
Іс-шараға №21 мектептің 3-сынып оқушысы Айзере Ерсайынова, №36 мектептің 3-сынып оқушылары Әлсафи Нұрлан, Нармина Бекпалова, Далида Төлеген қатысты.
Сондай-ақ, Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы мектебінің оқушылары Светлана Ситникова мен Рафаил Валиев қатысты.
Айта кету керек, Рафаил байқаудағы жалғыз ұл бала екеніне қарамастан басқа қатысушылармен бірдей жұмыс істеген.