Тереңкөл ауданында қос балықшы суға батып кетті
Олардың біреуінің денесін жергілікті тұрғындар судан алып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық жедел құтқару жасағының мәлімдеуінше, екінші балықшының денесін іздеу жұмысы жалғасуда.
- 8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылының маңында Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті. Сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды, - делінген хабарламада.
Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өлілдері және жергілікті тұрғындар көмектесуде.
Бүгінгі таңда қалыңдығы адамның салмағын көтермейтін жұқа мұз қалыптасқан су учаскелері бар. Осыған байланысты құтқарушылар балықшылардан мұндай су учаскелеріне барудан бас тартуды сұрайды.