Екібастұзда көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

Екібастұзда көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 17:57-де 2-МӨСБ байланыс пультіне М.Жүсіп 2 мекенжайы бойынша 2 қабатты тұрғын үй шатырының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

- Оқиға орнына 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 40 адам жіберілді. Оқиға орнына келгенде ауданы 800 шаршы метр шатыр және 8 шаршы метрлік 2 балкон жанып жатты. Себебі анықталуда, - делінген хабарламада. 

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Екі қабатты үйден 30 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 7-еуі бала. 

Сондай-ақ үйден 15 газ баллоны эвакуацияланды. Оның 11-і 27 литрлік болса, 4-еуі 50 литрлік баллондар.

Өрт 18:43-те оқшауланып, 19:41-де жойылды.