Екібастұзда көлігін заңсыз жабдықтаған тұрғын жазаланды

Екібастұзда көлігін заңсыз  жабдықтаған тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның автокөлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Кеншілер шаһарында полиция қызметкерлері көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады.

Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті белгіленген тәртіпте тіркелмеген конструкциялық өзгерістермен өңдеген. Сонымен қатар, тексеру барысында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны дәлелденді.

– Нәтижесінде көлік айып тұрағына қойылып, иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оған айыппұл төлеп, анықталған заңбұзушылықтарды жою міндеттелді, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Осы ретте полиция көлік құралдарының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгерістер заңнамада белгіленген тәртіппен келісіліп, тіркелуі тиіс екенін еске салады. Бұл талаптарды сақтамау тек айыппұл алумен ғана емес, көлікті пайдалануға тыйым салуға да әкелуі мүмкін.