8 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Күндіз ауа температурасы облыстың оңтүстігінде +21°C дейін жылынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +3...+8°C дейін жылы болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз +13...+18°C, ал облыстың оңтүстігінде +21°C дейін жылынады. Жауын-шашын болмайды.
Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде +4...+6°C, күндіз +16...+18°C. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз.