Екібастұзда мектептерді жөндеуге ақша жинау туралы таралған ақпарат – жалған
Екібастұз Instagram-пабликтерінің бірінде ата-аналардың мектеп чатынан аудиожазба тарады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Хабарламаның авторы шаруашылық қажеттіліктеріне – шелектер, қағаз, сүлгілер, дымқыл майлықтар, сабындар мен шүберектер алу үшін 500 теңгеден тапсыру керектігін айтқан.
Пайдаланушылар посттың астына көбінесе Екібастұздың екі мектебіне қатысты пікірлер қалдырған. Бірақ қалалық білім беру бөлімі сыныптарды жөндеуге ақша жинау туралы ақпаратты жоққа шығарды. Мемлекеттік органда бұл хабарлама әлеуметтік желілерде бірнеше жылдан бері жүргенін және оны құқық қорғау органдары тексергенін атап өтті.
– Poleznyi_ekibaztuzets паблигі таратқан ақпарат жалған. Аталған жазбаның Екібастұз мектептеріне қатысы жоқ және бірнеше жыл бойы еліміздің түрлі өңірлерінде арандату үшін таратылады, – деді білім беру бөлімінде.
Мемлекеттік орган №18 ЖОББМ жөнделгенін, №10 ЖОББМ келесі жылғы жоспарда тұрғанын айтты.