Павлодар облысында қанша бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған?
Облыста мұндай 1500 бала бар, олардың 1074-і отбасыларда тәрбиеленуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау – қоғам мен мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл балалар ерекше қолдауды қажет етеді, себебі олар өздерін қорғалған сезініп, даму үшін тең мүмкіндіктерге ие болуы тиіс.
Осы мақсатта әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, оған мыналар кіреді: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Қазақстан азаматтарының отбасыларында (қамқоршылық, патронаттық тәрбие, қабылдаушы отбасы) тәрбиелеуді қамтамасыз ету, ай сайынғы жәрдемақы төлеу арқылы; әлеуметтік төлемдер алу құқығын беру (бірінші, екінші асыраушының қайтыс болуына байланысты, мүгедектік бойынша, алименттік міндеттемелер) мәртебесі болған жағдайда; білім алу құқығы; міндетті жұмыспен қамту, сондай-ақ баспана алу құқығын бірінші кезекте қамтамасыз ету.
– Қолдау көрсету мақсатында 10 арнайы ұйым жұмыс істейді: білім беру жүйесінде – сегіз, денсаулық сақтау саласында – бір, әлеуметтік қорғау саласында – бір, – деп жазды облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина.
Халықаралық стандарттарға сәйкес, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері бойынша 13 қосымша әдіскер лауазымы енгізіліп, олар блыс әкімдігіне, қала және аудандық білім бөлімдеріне бөлінген.