Павлодарлық оқушылар кітап кейіпкерлерін эссеге арқау етті

Павлодарлық оқушылар кітап кейіпкерлерін эссеге арқау етті

Шығармашыл жастар арасында өткен байқауға 50-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңіне Павлодардағы 17 білім ошағының 8-10 сынып оқушылары қатысты. 

- Байқау проблемалық тапсырмаларды шешу, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білу қабілетін көрсетуге көмектеседі. Айта кету керек, оқу тек игерілуі керек мектеп пәні ғана емес, сонымен қатар басқа мектеп пәндерін игеру құралы болып табылады. Кітап адам үшін керемет дос. Шын мәнінде әдеби кітаптардағы кейіпкерлердің арасында сіз өзіңізді ешқашан жалғыз сезінбейсіз, - дейді "Павлодар дарыны" орталығының әдіскері Айгүл Шәкенова. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар оқыған шығармалары бойынша тест тапсырмаларын орындап, эссе жазған. Байқауда 28 оқушы жеңімпаз атанып, жүлдегер болса, қатысушылар арасынан үш оқушы облыстық кезеңге жолдама алған. Олар А.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Данайым Молшина, №35 мектептен Саида Манат пен №17 мектептен Айымгүл Шәкәрім.