Павлодарда тарифтер жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтеді

Павлодарда тарифтер жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтеді

Жария тыңдау «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ өтінімі бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті электр  энергиясын  беру  және (немесе) тарату қызметтерге «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ тарифтерінің жобаларын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.

Жария тыңдау 2023 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11.00-де Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 7 қабат мекенжайы бойынша және тікелей эфирде департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.

Департамент жария тыңдауға ҚР Парламенті, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Анықтама телефоны: 787098.