Екібастұзда жиырмадан астам жаңа автобус сатып алынады
Үлкен класты автобустар наурызда жеткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Нар-транс» жолаушылар тасымалы компаниясы маршруттардағы автобустардың қозғалыс жағдайын жақсарту үшін қосымша 23 үлкен класты автобус сатып алуды жоспарлап жатыр.
– Автобустардың кешігуі мен жетіспеушілігі туралы соңғы оқиғалар мен өтініштерді ескере отырып, қатаң шаралар қабылдаймыз. Осы қыста келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деді компанияда.
Наурызда автобустарды жеткізеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, 13 ақпанда сағат 18:00-де «Нар-транс» жолаушылар тасымалы компаниясына кіретін «Жоламан ЭК» ЖШС автобус жүргізушілері төленбеген жалақының себебінен өз бетінше маршруттардың қозғалысын тоқтатты. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, екі сағаттан кейін жүргізушілердің жалақысы толық төленіп, 33 автобустың 15-і маршрутқа шыққан.