Павлодар, Тереңкөл және Железин ұстаздары шаңғымен жүгіруден үздік атанды
Жарысқа білім беру ұйымдарының командалары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, аталмыш спартакиада қалалық және аудандық көлемде «Ертіс» шаңғы базасында педагог қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылды.
Жарыс бағдарламасы келесі түрлерді қамтыды: әйелдерге арналған шаңғымен жүгіру – 1 км, ерлерге арналған шаңғымен жүгіру – 2 км, эстафета бір әйел және екі ер адам – 1 км, жұптасқан шанамен жүгіру – 50 м.
Жарыс нәтижелері бойынша, әйелдер арасында шаңғымен жүгіруден (1 км) бірінші орынды Павлодар ЖОМ мұғалімдері, екінші орынды Ақсу қаласының мұғалімдер командасы иеленді.
Ерлер арасында шаңғымен жүгіруден (2 км) бірінші орынды Павлодар ЖОМ мұғалімдер командасы, ал екінші орынды Ақсу қаласының ұстаздар командасы жеңіп алды.
Аудандық жарыс нәтижелері бойынша, әйелдер командасынан бірінші орынды Железин, ерлер командасынан Тереңкөл ауданы жеңіп алды.
Ал қалалық эстафета бойынша бірінші орынды Павлодар ЖОМ командасы, екінші орынды колледж командасы иеленді. Аудандық командалардан Железин ауданының педагогтері, екінші орынды Ертіс аудан командасы алды.
Қалалық жұптасқан шанамен жүгірудің қорытындысы бойынша бірінші орынға Шарбақты ауданы, екінші орынға Май ауданы командасы ие болды.