Павлодарлық кәсіпкерлер жарық пен жылуға қосыла алмай жатыр
«Атамекен» палатасы мен прокуратура екі компанияның шағымын қарастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер Палатасында қалалық прокурор Асан Нұрбаевтың қатысуымен инвестициялық жобаларға қолдау көрсету жөніндегі фронт-офис отырысы өтті.
Ерқанат Әбеновтің айтуынша, «Атамекен» ӨКП-ға бизнестен екі сұрақ келіп түсті, олардың біреуі электр энергиясы желілеріне қосыла алмаса, екіншісі жылуға қосылу үшін техникалық шарттар ала алмай отыр.
Екі жоба да аймақ үшін маңызды және ұлттық инвестициялық пулға енгізілген. Оларды іске асыру бірнеше ондаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына және мемлекеттік бюджетке аударымдардың айтарлықтай өсуіне алып келеді. Сондықтан билік пен қадағалау органы осындай өндірісті пайдалануға беру жөніндегі барлық жоспарларды іске асыруды бақылауда ұстайды.
Кездесуде екі Проблемалық мәселе де жан-жақты талданып, жауапты тұлғалар тапсырма алды. «Атамекен» ӨКП екі мәселенің де шешімін бақылауда ұстайтын болады.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис облыстық кәсіпкерлер Палатасының жанынан жұмыс істейді, өңір аумағында инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.