Павлодарлық футболшылар чемпионаттың бірінші кезеңін аяқтады

Міндет жартылай орындалды деуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстанның ең атақты футбол клубы жанданғалы бері оның алдына бір-ақ мақсат қойылды – отандық футболдың элитасына қайта оралу. Биік шыңға өрлеу өткен жылы Екінші лигада басталды. «Ертіс» әрине, қиындықсыз емес, бірақ Бірінші лигаға жолдама ұтып алды. Биылғы маусымда бәрі ұқсас сценарий бойынша жүріп жатыр.
Өткен маусымдағыдай биыл да павлодарлық команда біріншілікті өз алаңындағы ірі жеңіспен бастады: бес дүркін чемпиондар екібастұздық жерлестерін 4:0 (былтыр «Тобыл Ж» 6:0 – автор ескертпесі) аяған жоқ. Содан кейін бәрі ойдағыдай өрбіген сияқтанған еді. Алайда мамырдың басында Қайрат Нұрдәулетов алматылық «AKAS» командасымен жеңіске жеткен матчтан кейін бас бапкер қызметінен кетіп, оның павлодарлық спорт шенеуніктерімен араздығы туралы қауесет бірден тарай бастады. Тіпті себебі де айтылды – Қайрат Нұрдәулетовтың Тамерлан Ағымановты алаңға шығарғысы келмеуі.
Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, жаттықтырушының кетуінің себебі бұған байланысты болуы екіталай еді: Қайрат Нұрдәулетов Премьер-лигадағы командада жұмысқа орналасты, ал Тамерлан Ағымановтың өзі де алаңдағы ойынымен оған ешқандай қолдаушылардың қажеттілігі жоқ екендігін танытып жүр. Қалай десек те, клубтың тұсаукесерінде өте рухты сөз сөйлеген Қайрат Нұрдәулетовтің тез арада «Ертістен» ұзап кетуі команда ойынының құлдырауымен тұспа-тұс келді.
Қыста келген ойыншылар сенімді ақтамады және Премьер-лигаға шығу міндетін орындауға дайын емес болып шықты. Трансферлік терезе ашылғаннан кейін Арман Кеңесов «Ертіске» қайта қосылды, сондай-ақ, Әбинұр Нұрымбет, Темірлан Төребек, Асқар Сатышев, Нұрғайни Бөрібаев және Владислав Васильев сияқты Павлодарға шақыртылды. Олардың барлығы команда сапында ойнап үлгерді. Вячеслав Раскатов, Анатолий Красотин, Рауан Орынбасар ,керісінше, командамен қош айтысты, Максим Ваганов маусым соңына дейін алаңға шықпайды.
Жаңа бапкер Ринат Әлеуетов (бұрынғылар сияқты – автордың ескертпесі) шабуылдаушы, комбинациялы футболға ұмтылатынын айтуда. Дегенмен, соңғы турда «Алтайға» қарсы кездесуде, «Ертіс» гол соққан соң, өскемендіктерге ойын тізгінін ұстатып, екінші нөмірдің рөлін атқара бастады. Соның салдарынан павлодарлықтар ақыры ұтылды. Бір қызығы, Ринат Әлеуетов команданың тек бірінші орын үшін күресетінін айтты. Бұл ретте ҚПЛ-ға түсу үшін екінші орын алу жеткілікті екендігін айта кеткен лазым.
Жаңа ойыншылардың және бұрынғылардың кетуін ойынға әсерін бағалау қиын. Бірақ әзірге Нұрғайни Бөрібаев, Темірлан Төребек, тіпті мақтаулы Әбинұр Нұрымбет ойнаған футбол бұрынғы «Ертіс» ойыншыларынан еш артық емес. Соңғысының ойынында немқұрайлылықпен шектесетін белгілі бір өзіне деген сенімділік сезіледі. ҚПЛ-да өнер көрсеткен жартылай қорғаушы әлі есін жимаған сияқты және Бірінші лигада қарсыластарды оп-оңай жеңуге болады деп есептейтін сияқты.
- Жаңадан келгендер туралы. Олардың барлығы команданы күшейтеді деп үміттенемін, әйтпесе оларды неге шақырды? Аты-жөнінен олар салмақты күш, бірақ қашан өздерін толық ақтайды? Команда Вячеслав Раскатовпен неліктен қоштасқаны түсініксіз. Құрам азды-көпті тұрақты, бірақ тағы да жаңа ойыншылар командаға, ал ойыншылардың өздері жаңа бапкерге үйренуі керек. Бейімделу және тұрақтандыру кезеңінде қалай үшінші орынға немесе төмен түспеу керек. Алда небәрі 13 ойын бар, – дейді белгілі спорт журналисі Мұрат Әбілмәжіт.
Сарапшыны шабуылдағы әлсіз ойын да алаңдатады, мұнымен келіспеу қиын. Иә, «Ертістің» шабуылшысы Арман Смайылов тоғыз голмен мергендер сайысында екінші орында тұр. Алайда кей жағдайда командаға шабуылда өткірлік жетіспейді. Сондықтан бапкерлер штабы негізгі құрамда ойыннан ойынға Арман Смайылов пен Матвей Герасимовты алмастырып отырады.
- Иә, Бірінші лигада ең мықты қорғаныс бізде, бірақ соғылған голдар саны бойынша біз небәрі төртінші орындамыз, - дейді Мұрат Әбілмәжіт. – Екі жеңіліс бар, екеуі де өз алаңымызда, екеуі де элиталық дивизионға көтерілу үшін тікелей бәсекелестерден. Әйтеуір, 1 тамызда Павлодарға қарағандылық «Шахтер» командасының келуін тағатсыздана күтіп отырмыз. Команданың Премьер-лигаға қай орыннан шығатыны маңызды емес – біріншіден немесе екіншіден. Бастысы оралу.
Екібастұз жақсы формада. Соңғы бес кездесуде кеншілер мүмкін болатын 15 ұпайдан он ұпай жинады. Турнир барысында команданың бас бапкері де ауысты – Андрей Шумара «Ертістегі» Ринат Алюетовтың көмекшісі болды. Аты аңызға айналған Виталий Спарышев тағы да бас бапкерге айналды. Екібастұздық жанкүйерлер барлық қиындықтарға қарамастан, бәсекеге қабілетті футбол көрсететін команданың ойынына риза.
– Жақсы құрам, бірақ спорт бөлімінен кеш келген маусым басындағы ақшаның жоқтығы нәтижеге әсер етті, – дейді жанкүйер Мейіржан. – Екібастұздықтар әрқашан екінші рөлдерде болғанымен, жақсы ойын көрсетті. Биылғы жыл да ерекшелік емес, бүкіл Екібастұз футболының желісі мен тарихының заңды жалғасы. Бірінші айналымның соңында командадан үздік ойыншылар кеткенімен, команданың соңғы нәтижелері жақсы. Мұның барлығы қалыптасқан ойын мен жақсы менеджменттің арқасы.
17 шілдеде «Екібастұз» өз алаңында «Алтайды» қабылдаса, бір күннен кейін «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбе М» командасын қабылдайды.