ҚПЛ дебютанты «Ертістің» бұрынғы шабуылшыларына иек артуда

ҚПЛ дебютанты «Ертістің» бұрынғы шабуылшыларына иек артуда
Фото: 018.kz

Семейдің «Елімайы» Қазақстан футболының элитасына қайта оралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Таяуда Бірінші лига жеңімпазы 2016 жылы «Ертісте» ойнап, 19 гол соққан Роман Мұртазаевты сапқа қосқан еді. Былтыр ол Қарағандының «Шахтерінде» доп теуіп, 22 матчта екі гол соққан.

«Елімайда» «Ертістің» тағы бір экс-форварды Арман Смайылов ойнайды. 2023 жылғы Бірінші лигада ол Семейдің командасы сапында бірақатар маңызды голдар соғып үлгерді. «Ертіс» түлегі «Елімайдың» Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған команданың 2024 жылғы болжамды құрамына енді.

Семей – қазақ футболының отаны. 1913 жылы мұнда «Ярыш» командасы құрылып, онда жазушы Мұхтар Әуезов доп тепкен.

Тәуелсіздік жылдарында «Елім-ай» елдің үш дүркін чемпионы атанды. Алайда 2014 жылы команда жоғарғы дивизионнан шығып қалып, 2016 жылы тіпті жойылды. Қазіргі «Елімай» - бұрынғы клубқа қатысы жоқ, жаңа заңды тұлға.