Ертіс ауданында мас күйінде көшеде жүруді қоймаған ер адам қамауға алынды
Материал сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Голубовка ауылындағы Школьная көшесінде көшеде теңселіп келе жатқан адамды тоқтатқан. Ер адамның мас күйінде екендігі анықталды, бұл медициналық куәландырумен расталды. Ол бұған дейін де мас күйінде ұсталған.
– Қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін ер адам жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, сот қаулысымен ол үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының учаскелік полиция инспекторы Талғат Зайниденов.
Полицейлер ағымдағы жылдың басынан бастап Ертіс ауданында алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін 164 азамат жауапқа тартылғанын атап өтті.