«Махаббат және көгершін»: Павлодарлық Чехов театры маусымды жаңа қойылыммен бастамақ
Премьераға билет қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Чехов атындағы драма театрында 79-шы маусымның алғашқы қойылымы аншлагпен аяқталады деп күтілуде.
Театр маусымы Владимир Гуркиннің комедиясымен ашылады. Бұл қойылым үш күнге созылады. Алайда кассада билет қалмаған.
– Көрермен үшін маусымның ашылуы қашан да үлкен мереке. Бұл сүйікті актерларыңызбен, режиссерлеріңізбен және спектакльдеріңізбен кездесу мерекесі. Кәсіби ұжым ретінде театр үшін бұл оның қалыптасуының келесі кезеңі, - дейді драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Виктор Аввакумов
Театр алдағы маусымда керемет қойылымдар мен жаңалықтар ұсынуға уәде етті. Чеховшылар әлі де көрерменді таң қалдыруда.
– Көпшілік Меньшовтың «Махаббат пен көгершін» тамаша фильмін тамашалады, бірақ бұл – кино, ал оны театр сахнасында қалай қоюға болады? Бұл сұрақтар «Мастер мен Маргарита» спектаклін қойғанда пайда болды. Ол кезде Владимир Бортконың фильмі жарыққа шығып жатқан. Ешкім Юрскийді немесе Гурченконы қайталауға тырыспайды, өз кейіпкерлеріміз бар, қойылым ойдағыдай шықты, – дейді Виктор Аввакумов.
Жаңа жылдан кейін режиссер Алексей Мельниковпен бірге түрік драматургі Тунсер Цудженоғлының пьесасы бойынша «Қар көшкіні» спектаклін қоюға кіріседі.
Театр маусым басталмай жатып, тағы үш жаңа спектакльді жоспарлап қойған. Пьесалар дайын, бірақ Виктор Аввакумов әзірге олардың атауын құпия санағанды жөн көреді.
Кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмайды. Оларды жаңа ертегілер күтіп тұр, соның бірі – «Алтын бөкен».
«Чеховшылар» маусым ашылмас бұрын дәстүрлі театр сенбіліктерін өткізді.