Павлодарда «сөйлейтін» суреттер көрмесі ашылды

Павлодарда «сөйлейтін» суреттер көрмесі ашылды
Фото: Константин Шелков

Қазақстандық суретші өз туындылары арқылы қоғамдағы өткір мәселелерді көтерген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердің үстемдігі, күнделікті тәртіпсіздік, қауіп-қатер, отбасылық қарым-қатынас тақырыптарына салынған картиналарды қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафа көрермен назарына ұсынды. Бұл көрмеге суретшінің 50 еңбектері қойылды. 

– Бұл көрме қоғамдағы мәселелер жайлы сөйлейді. Суреттерде түрлі жағдайлар мен, қоғамға қауіп келтіретін жағдайлар бейнеленген, – деді Павлодар облыстық өнер мұражайы қорының басшысы Ольга Пашко.

Суретші Аңсаған Мұстафаның сөзінше, бұл көрме 15 жыл бойы әлемді шарлап, ондаған елге қойылған болатын.  

– Көрмені Перу, Франция, Коста-Рика, Америка, Бразилия, Оңтүстік Корея елдерінің халқына ұсынылған еді. Мысалы, Бразилияда да осындай мәселелер болуы мүмкін деп ойламаппын. Біздегі мәселелер оларда да бар екен. Көрмеде жұмыссыз азаматтарды, қарттар үйіне  тапсырылатын әжелер мен аталарды көруге болады, – деді суретші Аңсаған Мұстафа.

Оның сөзінше, болашақта  экология және ауыз су тақырыбындағы суреттерді салу жоспарлап отыр. Көрме 20 тамызға дейін жалғасады.