Павлодарда кәсіпкер әйелдер өз өнімдерін көрмеге ұсынады
Көрме барысында кез келген адам өзіне ұнаған өнімдерді сатып ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
12 шілдеде сағат 10.00-де Абай көшесі, 115/2 мекенжайында орналасқан «Крендель» банкет залында «Бір ауыл – бір өнім-2023» атты тауар өндірушілерінің көрме-байқауы өтеді.
Шарада жергілікті тауар өндірушілердің сүйікті өнімдерімен танысуға және сатып алуға болады. Көрме әйелдер кәсіпкерлігін, атап айтқанда, өндірушілердің кәсібін дамытуға бағытталған.
Шараның ұйымдастырушысы – Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы.
Еске сала кетейік, аталған мекенжайда Қазақстанның үздік тауарларының байқау өткізіледі. Шарада заманауи жоғары сапалы жиһаз, азық-түлік, киім-кешек шығаратын компанияларды көруге болады.