Тереңкөл ауданында жаңа мәдени-сауық орталығы ашылды
Орталық жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдени-сауық орталығының құрылысы аяқталып, жаңа мәдени ғимарат пайдалануға берілді.
Заман талабына сай жабдықталған 100 орынды мәдени-сауық орталығы 590 шаршы метрді құрайды. Жаңа нысан соңғы үлгідегі жиһаздармен, жаңа музыкалық құрал-жабдықтармен, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарымен жабдықталған.
Сонымен қатар, аталмыш мәдени-сауық орталығында коммуникация орталығы ашылды.