Павлодарда көппәтерлі үйдің тұрғындары не үшін жиі шағымданады?

Жыл басынан бері тыныштықты бұзған 700 азамат жауапқа тартылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі – көппәтерлі үйлерде қатты музыка қосу немесе жөндеу жасау.
– М. Горький көшесіндегі үйдің тұрғыны күн сайын түнде қатты музыка тыңдайтын көршісіне шағымданды. Ломов және Айманов көшелердің пәтер тұрғындары жоғары дауыста музыка тыңдады деген шағым түскен, – делінген департаментте.
Тәртіп сақшылары тыныштықты бұзғаны үшін құқық бұзушыларды жауапқа тартып, айыппұл салды.