Павлодарда полицейлер жеңіл көліктердің соқтығысуын тергеуде

Павлодарда полицейлер жеңіл көліктердің соқтығысуын тергеуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілердің біреуіне медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, «KIA RIO» маркалы автокөлігі Бектұров – Едіге би көшелерінің қиылысында «TOYOTA» маркалы автокөлігімен соқтығысты. 

– TOYOTA автокөлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп жатыр.