Оқушылар Баянауылға барар жолда көлікпен жыраға аударылып қалды

Жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жасыбай-Баянауыл тас жолында Баянауыл ауылына қарай келе жатқан «Lada» көлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі көлікті жыраға аударған.
Полицияның мәліметінше, көлікте тағы бір кәмелетке толмаған жолаушы қыз болған.
– Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханаға жатқызылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші бала жеке кепілдікпен ата-анасына берілді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.