Екібастұзда терезеден құлаған әйелдің құрсағында алты айлық сәби болған

Екібастұзда терезеден құлаған әйелдің құрсағында  алты айлық сәби болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодарға жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы Екібастұз қаласынның тұрғыны анасымен бірге тұрған, артында он жасар баласы қалды. 

– Ол жүктіліктің 22 - аптасында болғаны анықталды. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодар қаласына жіберілді, – деді басқармада.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де жүкті әйел биіктіктен құлаған. Жедел жәрдем бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шыққан болатын. Полиция аталған фактіге қатысты тергеу жүргізуде.