Облыста қанша павлодарлық тұрғын әлі де сақтандырылмаған?

Облыста қанша павлодарлық тұрғын әлі де сақтандырылмаған?

    Облыстық қор филиалы 74 медициналық ұйыммен келісім-шартқа отырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Ахметжанова айтты.

      – Бүгінде 131 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Әр аудан,елді мекенге медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша арнайы жиындарға шығамыз. Біздегі мақсат тіркелмегендердің санын азайту,– дейді Алмагүл Ахметжанова.

      Филиал директорының міндетін атқарушы Алмагүл Ахметжанованың сөзінше, МӘМС бойынша өз кезегін күтпей, жеке клиникаларға жүгінетіндер қатары көбейген.

      – Қазіргі таңда МӘМС бойынша науқасты қабылдау уақыты бірнеше айға дейін жетеді. Сол себепті тұрғындар  өз  кезегін күтпей, ақылы емханалардың көмегіне жүгінеді,– деді спикер.

      Облыстық  филиал қорында мониторинг бөлімі қызмет жасайды. Бұл бөлімнің мақсаты - адамдар он күннен астам өз уақытынан аспай, керекті медициналық қызметін алуын қадағалау.  Емханалар белгіленген кезден асқан уақытта қор филиалы медициналық мекемеге айыппұл салады.

      Шілде айында МӘМС қоры ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосымша 59 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдаған. Оның 1,8 миллиарды Павлодар облысының медициналық ұйымдарына қарастырылған.

      Фото:Константин Шелков