Павлодар жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл көмек көрсету біліктілігін арттырды

Павлодар жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл көмек көрсету біліктілігін арттырды
Фото: Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы

Ақ желеңділер жедел коронарлық синдром кезінде диагностика және шұғыл көмек көрсету бойынша оқудан өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Екі апта бойы медицина қызметкерлеріне арналған арнайы курс өткізілді. Оқу-жаттығуға барлық жедел жәрдем қосалқы станцияларының, соның ішінде ең шалғай ауылдардағы станциялардың мамандары қатысты.

Қан айналымы жүйесінің аурулары Қазақстанда өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Сондықтан уақтылы және дұрыс әрекет ету өте маңызды.

– ⁠Біздің қызметте қан айналымы жүйесінің ауыр ауруларына байланысты инфаркт және басқа да жағдайларға басымдық беріледі, – дейді облыстық 103 бекеті бастығының орынбасары Ольга Вербовая. – Олар жедел шақыртулардың бірінші және екінші санатына жатады. 

Әрбір жедел жәрдем бригадасы телеметриялық функциясы бар ЭКГ аппаратымен жабдықталған, онда кардиограмма жазбасы интернет арқылы станциядағы аға дәрігердің пультіне және кардиологиялық орталыққа жеткізіледі. Бұл дәрігерлерге науқастың жанында отырып, белгілі бір жүрек ауруын тез анықтауға көмектеседі.

Жедел коронарлық синдром – жүрек бұлшықетіндегі қан ағымының кенеттен нашарлауы адам өліміне және инфаркттың дамуына әкелуі мүмкін. Тренинг барысында ауруханаға дейінгі кезеңдегі АБЖ диагностикасына, асқынуларына және емдеу тактикасына баса назар аударылды, жедел жәрдем бригадаларының тәжірибесінен күрделі жағдайлар қарастырылды. 

– ⁠Біздің қызметкерлер үнемі біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, – дейді Ольга Вербовая. – Біз әрбір 103 медицина қызметкерінің шұғыл медициналық көмек көрсетудің ең заманауи халықаралық стандарттарына оқытылуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Адамдардың өмірі мен денсаулығы осыған байланысты. 

Жедел жәрдем станциясындағы келесі оқу маусым айында өтеді және әртүрлі аурулардың асқынуы кезінде жүрек-өкпе реанимациясын қамтамасыз етуге арналмақ. Оқыту симуляциялық жабдықты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Станция әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің оқытуға осындай жауапкершілікпен қарауы азаматтардың денсаулығының сақталуына әкеледі.