Екібастұз саябағында құрғақ шөп өртенген

Екібастұз саябағында құрғақ шөп өртенген
Фото: Константин Шелков

Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Екібастұз қаласының М.Әуезов көшесінің аумағында құрғақ шөп өртенген. 

Өрт 15:12-де оқшауланып, 15:13-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында төрт қызметкер мен бір техника жұмыс істеді.Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрайды.