Павлодар облысының тұрғындары 30-дан астам медициналық ұйымның біріне тіркеле алады
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін ел тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханаларға тіркелу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалы директорының м.а. Алмагүл Ахметжанованың мәлімдеуінше, өңір тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 31 медициналық ұйымның біріне тіркеле алады. Бұл – 15 мемлекеттік және 16 жеке емхана.
– Медициналық сақтандыру қоры үйге жақын орналасқан – 15 минуттық жаяу қашықтықтағы емханаға тіркелуді ұсынады. Мұны әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүгедектер және дәрі-дәрмек терапиясында немесе емханаға жиі баруға мәжбүр болған адамдар ескеруі керек, – деді Алмагүл Ахметжанова.
Емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін медициналық сақтандыру қорымен шарт болуы тиіс. Мұндай емханалардың тізімімен fms.kz сайтында «емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.
Маманның айтуынша, қалаған емханаға тіркелудің екі әдісі бар.
– Бірінші әдіс – egov.kz электрондық үкімет сайтында «алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметі арқылы авторизациядан өтіп, қызметтің осы түрін таңдап, содан кейін ашылған нысанды толтыру қажет. Бұл ретте тіркеуден бас тартпау үшін учаскеде бос орындардың болуын алдын ала нақтылау ұсынылады, – деді Алмагүл Ахметжанова.
Екінші әдіс – тікелей емханаға барып, сол жерде өтініш жазу. Бірақ бұл жол халықтың белгілі бір санаттарына – зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері мен қамқоршыларына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, әскерде қызмет етушілерге, шетелде туылған балаларға, жетімдерге, сәбилер үйінен немесе қарттар үйінен шыққан балаларға, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан шетелдіктерге ерікті немесе есептелген медициналық сақтандыру шарттары бойынша.
Айта кету керек, науқас «жаңа» емханада медициналық көмекті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастайды, ал ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін өзінің қазіргі емханасына барады.