Павлодар ауданының теннисшілері облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды
Облыс орталығында олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 12 команда жиналды. Павлодар ауданының атынан Заңғар мен Ефремовкадан келген теннисшілер – Ниязбек Смағұлов, Мақсат Тәңірбергенов, Дина Баужанова және Наргиз Қасымова қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының теннисшілері бірінші, Ақтоғай ауданының спортшылары екінші, Успен ауданының спортшылары үшінші орынға табан тіреді.
Қалалар арасында ақсулықтар жеңіске жетіп, екібастұздық ойыншылар екінші, павлодарлықтар үшінші орын алды.