Павлодарлық волейболшылар үздіктер қатарында көш бастады

Павлодарлық волейболшылар үздіктер қатарында көш бастады

Соңғы орында көкшетаулықтар тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының намысын Ұлттық лигада қорғап жүрген «Pavlodar» командасы 2023-2024 жыл аралығындағы 32 турда көш бастап тұр. Бұған дейін жергілікті команда қарсыластарын  10 мәрте жеңген. 

Лига қорытындысы бойынша жалғыз жеңіспен тоғызыншы орында көкшетаулық команда «Ұшқын – Көкшетау тұр», ал сегізінші орынды үш ұпаймен атыраулықтар алды. Жетінші орында үш ұпаймен «Жетісу», алтыншы орынды үш ұпаймен «Ақтөбе», бесінші орынды алматылық «Буревестник», төртінші орынды Петропавлдың командасы «Есіл» тұр. 

Үштіктің қатарына «Жайық» сегіз ұпаймен ілінді, екінші орынды тараздықтар алды. Ал бірінші орынды он ұпаймен павлодарлықтар алды.