Павлодар облысында 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады

Павлодар облысында 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі Асайын Байханов Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Құрметті оқушылар мен студенттер, педагогтар мен ата-аналар! 1 қыркүйек – бұл оқитын және білім беретін кез келген адамға қымбат мереке. Мұғалімдер үшін бұл өз оқушыларымен кездесудің қуанышы және оларға таңғажайып білім әлемін ашу мүмкіндігі. Балалар үшін – бұл маңызды жұмыстың, достармен қарым-қатынастың, табыстар мен жаңалықтардың жаңа кезеңі, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

Биыл облыста 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады. 

– 1 қыркүйекті бірінші сынып оқушылары ерекше асыға күтеді.  Күнделікті қажырлы еңбекпен өңіріміз бен еліміздің болашағын қалайтын біздің ұстаздар өскелең ұрпаққа қиындығы мен қызыққа толы әлемді тануға көмектеседі, – деп атап өтті аймақ басшысы. 

Облыс әкімі мұғалімдер мен ата-аналарға кәсіби табыс, ал барлық оқушылар мен студенттерге сәттілік тіледі.