Павлодарда екі көлік соқтығысты

Павлодарда екі көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға Назарбаев көшесінің Академик Шөкин көшесімен қиылысында болған.

Cherry Tiggo 2 Pro көлігін басқарған жүргізуші бұрылу кезінде жол бермей, AudiI B4 көлігімен соқтығысқан.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.