Павлодарда жанармай бекетінің жанында такси жанған
Көліктің жанған себебі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық ТЖД мәліметінше, таңғы сағат 09:53-те «Helios» ЖҚС маңында автокөлік жанған.
– Көлік тұрақта орналасқан еді. Қысқа тұйықталудың нәтижесінде көлік оталып, ағашқа соғылған. Жүргізуші көлікте болмады, – деді департаментте.
Оқиға орнында 6 қызметкер және бір техника жұмыс істеген.
Өрт 10:00-де ауыздықталып, 10:09-да сөндірілді.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан шықты. Бұл жалдамалы автокөлік екендігі белгілі болды.
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті