Павлодар облысында аптаның соңына дейін +30°С болады
Тамыздың басында ыстық ауа райы болжануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 1 тамыз күні өңірдің солтүстік-батысында секундына 7-12 метр жел соғады деп күтілуде. Күндіз сынап бағанасы +29...+34°С көрсетеді.
2 тамыз күні түнде +15...+20°С көрсетсе, күндіз ауа температурасы аптап ыстық болып, сынап бағанасы +30...+35°С дейін көтерілетін болады.
3 тамыз облыстың орталығында, батысында,оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ыстық болады деп күтіледі +28...+33°С , оңтүстік-шығыста 9-14метр, батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында найзағай кезінде екпіні 15-20 метр жел көтерілуі ықтимал.
Жұма күні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы +27...+32°С дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыста секундына 9-14 метрге дейін соғатын болады.
Сенбіде күндіз + 27 ...+32°С-ты көрсетеді. Желдің екіпіні солтүстік-батыс 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Жексенбі күні жауын-шашынды ауа райы сақталмақ. Сынап бағансы +28...+32°С болса, өңірдің солтүстігінде +24 °C көрсетеді.
Фото:Константин Шелков