Павлодар облысында ауа райы жылынады

Павлодар облысында ауа райы жылынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірақ жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 14–16 қазан аралығында күндізгі температура -3…+2°С, ал түнде -5…-10°С шамасында болады деп күтілуде.

Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, кей кездері 20 м/с-қа дейін күшейеді.

17 қазанда ауа райы жылынып, түнде -2…-7°С, күндіз 0…+5°С аралығында болады.

Жел бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9–14 м/с шамасында сақталады.

Апта соңына қарай ауа температурасы түнде 0…-5°С, ал күндіз +2…+7°С деңгейінде болмақ.